Панфилов ауылдық округінің жаңа көшелеріне атау беру және көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 9 қарашадағы № 12 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 13 қарашада № 5748 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Панфилов ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 8 қазандағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Талғар ауданының Панфилов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Панфилов ауылдық округінің жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      Панфилов ауылында "Әлихан Бөкейхан", "Медеу", "Міржақып Дулатұлы", "Сұлтанмахмұт Торайғыров", "Ахмет Жұбанов", "Алатау", "Шәкен Айманов", "Әбілхан Қастеев", "Бөгенбай батыр", "Дарабоз", "Дәнеш Рақышев", "Евгений Брусиловский", "Жаркент", "Жәңгір хан", "Керей хан", "Қабанбай батыр", "Құлагер", "Мерей", "Назқоңыр", "Ұлытау", "Самұрық", "Сарыарқа", "Тайбурыл"; "Фариза Оңғарсынова", "Хантәңірі", "Шоқан Уалиханов", "Шалқар", "Шаттық";

      Қызыл Ту-4 ауылында "Алпамыс батыр", "Ақтамберді жырау", "Асқартау", "Байқоныс", "Едіге батыр", "Қазығұрт", "Қазына", "Қасым Қайсенов", "Қобыланды батыр", "Көкорай", "Ордабасы", "Роза Бағланова", "Серпін", "Тұмар";

      Төңкеріс ауылында "Балдырған", "Сарайшық";

      Қарабұлақ ауылында "Жүсіп Баласағұн", "Мұхаммед Хайдар Дулати", "Үкілі Ыбырай", "Ілияс Есенберлин";

      Арқабай ауылында "Серпер";

      Түзусай ауылында "Талғат Бигелдинов", "Ермек Серкебаев", "Санжар Асфендияров".

      2. Панфилов ауылдық округінің келесі көшелері қайта аталсын:

      Панфилов ауылында "Садовая" көшесі "Жерұйық" көшесіне, "М. Горький" көшесі "Мұстафа Шоқай" көшесіне, "Т. Бокин" көшесі "Хантау" көшесіне, "А. Микоян" көшесі "Алтай" көшесіне, "И. Мичурин" көшесі "Сағадат Нұрмағанбетов" көшесіне;

      Қызыл Ту-4 ауылында "Речная" көшесі "Ақбұлақ" көшесіне, "Набережная" көшесі "Қайнар" көшесіне;

      Төңкеріс ауылында "Набережная" көшесі "Арна" көшесіне;

      Қарабұлақ ауылында "А. Чехов" көшесі "Күләш Байсейітова" көшесіне, "Мельничная" көшесі "Тұран" көшесіне, "Табачная" көшесі "Қайрат Рысқұлбеков" көшесіне, "8 Марта" көшесі "Қарабұлақ" көшесіне;

      Арқабай ауылында "Н. Крупская" көшесі "Александр Затаевич" көшесіне, "Северная" көшесі "Әлкей Марғұлан" көшесіне, "Малая" көшесі "Шара Жиенқұлова" көшесіне.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау округ әкімінің орынбасары Н.Мықтыбаеваға жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің әкімі А. Ваисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады