Қалжат ауылдық округінің Қалжат ауылындағы көшелерін қайта атау және жаңа көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Қалжат ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 27 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 23 қыркүйекте № 5667 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қалжат ауылдық округінің Қалжат ауылы халқының пікірін ескере отырып Алматы облысының ономастикалық комиссиясының және 2019 жылғы 24 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Ұйғыр ауданының Қалжат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қалжат ауылдық округінің Қалжат ауылындағы "Социализм" көшесі "Бірлік" көшесіне, "Садовая" көшесі "Алмалы" көшесіне қайта аталсын.

      2. Қалжат ауылдық округінің Қалжат ауылындағы жаңа көшелеріне "Болашақ", "Жетісу", "Ынтымақ" атаулары берілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалжат ауылдық округінің әкімі К. Армидинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады