"Жамбыл облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 7 қарашадағы № 248 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 103 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 мамырда № 4609 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңының және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 17-10) тармақшасына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жамбыл облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 7 қарашадағы № 248 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде №4395 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 15 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жамбыл облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында:

      2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры – Жамбыл облысы аумағында аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған азық-түлiк тауарларының жедел қоры;

      2) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту – азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін оларды өткізу немесе жаңа сақталу мерзімімен немесе келесі жылдың жаңа егінінен дәл сондай көлемдегі азық-түлік тауарларын кейін жеткізе отырып, азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін оларды қайтару;

      3) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру– сатып алу интервенциялары, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын орналастыру және сақтау;

      4) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалану– тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту мақсатында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу;

      5) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары– тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін, олардың есебінен адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын азық-түлік тауарлары;

      6) мамандандырылған ұйымдар–әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын, тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1279 қаулысымен бекітілген, ұйымдар;

      7) сатып алу интервенциялары– облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында, бағалар төмендеген кезде және/немесе Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай енгізілгенде, мамандырылған ұйымдардың азық-түлік тауарларын сатып алу жөніндегі іс-шаралар;

      8) тауар интервенциялары – бағалар өскен кезде ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын, азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларынан ішкі нарықта азық-түлік тауарларын өткізу жөніндегі іс-шаралар;

      9) шекті сауда үстемесі – ішкі сауда субъектілерінің түпкілікті тұтынушыларға азық-түлік тауарларын өткізуі кезінде бағаны айқындау үшін қалыптастырылатын сауда үстемесі.";

      9 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін жұмыс органы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымнан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы үш жыл мерзімге шарт жасасу (бұдан әрі-шарт) жолымен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "9-1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі үш жылдық кезеңге жұмыс органы мамандандырылған ұйыммен тұрақтандыру қорының заттай және ақшалай мәндегі өтпелі активтері туралы міндеттемелері көрсетілген қосымша келісім жасасады.

      Тұрақтандыру қоры таратылған жағдайда, мамандандырылған ұйым азық-түлік тауарларын сатып алу үшін пайдаланылған бюджет қаражатының жергілікті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.

      Егер, мамандандырылған ұйымның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын өткізу сатып алу бағасынан төмен баға бойынша жүзеге асырылса, онда соманың қайтарылуы сатып алу және өткізу бағаларының айырмасын шегере отырып жүзеге асырылады.

      9-2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымның үстеме шығыстары азық-түлік тауарларының белгіленген және нарықтық бағаларының айырмасы есебінен жабылады.";

      11 тармақтың бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Жамбыл облысының әкімдігі ай сайын айдың 20 дейін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрліктеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынады.";

      16 тармақтың бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мамандандырылған ұйым өткізетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңы 19-бабының 1-тармағына сәйкес, Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес Жамбыл облысының мемлекеттік статистика органы қалыптастыратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының ресми нарықтық мәндерінен он немесе одан да көп пайызға төмен бағаларды ұстап тұру, алайда "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы №282 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11245 болып тіркелген) сәйкес бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінен он төрт пайызға аспауын ескеріле отырып қалыптастырылады.";

      19 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру кезінде азық-түлік тауарлары тікелей өндірушілерден және (немесе) ауыл шаруашылығы өндірушілерінен сатып алынады, егер белгілі бір азық-түлік тауарының жергілікті өндірісі болмаған немесе жеткілікті дамымаған жағдайда, онда сатып алу көтерме кәсіпорындардан (дистрибьюторлардан) жүзеге асырылады.";

      21 тармақ мынадай редакцияды жазылсын:

      "21. Мамандандырылған ұйым статистикалық деректер және басқа да көздер негізінде өңірдің азық-түлік тауарларының ішкі нарығына және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің нарықтарына тұрақты негізде талдау (өндіріс көлемі және азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауарларының жылжытылуы, қордың, бағалардың болуы) жүргізеді, өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының көлемін айқындайды және егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе конкурстық тәртіппен сатып алу интернвенциялары туралы шешімді қабылдайды."

      25 тармақтың бірнші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Мамандандырылған ұйым аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал етуді қажет ететін баға деңгейінің көтерілуі жағдайында, екі жұмыс күнінен кешіктірмей, тауар интервенцияларын жүргізу туралы шешім қабылдайды.";

      29 тармақтың екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте өңдеу кәсіпорны өндірген дайын азық-түлік тауарының бағасы Жамбыл облысының әкімі бекітетін шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасынан аспайды және мамандандырылған ұйымның өңдеу кәсіпорнымен жасасқан өткізу туралы шартында айтылады.";

      30 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Тауар интервенциясының бағасы осы Қағиданың 16 тармағында белгіленген шектеулерден аспауы тиіс.

      Мамандандырылған ұйым және ол белгілеген өнім берушілер тауарларды бөлшек сауда субъектілеріне өткізу кезінде әрбір нақты жағдайда тауар интервенциясының көтерме бағасын дербес айқындайды, бұл ретте азық-түлік тауарларын сатып алу бағаларынан төмен сатылуы мамандандырылған ұйымның шешімі негізінде жүзеге асырылады.";

      32 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Жұмыс органы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру мақсатында Комиссия айқындайтын азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес мамандандырылған ұйымға кейін кәсіпкерлік субъектілеріне беру үшін қарыз береді. Қарыз беру қарыз шартын жасасу жолымен қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және ақылылық талаптарымен жүзеге асырылады.";

      34 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Бағаларды тұрақтандыру мамандандырылған ұйымның Комиссия айқындаған кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына белгіленген төмендетілген бөлшек/көтерме сауда бағаларын белгілеуі жолымен қамтамасыз етіледі.";

      35 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Мамандандырылған ұйым жыл сайын 30 қаңтарға дейінгі мерзімде шартта тұрған кәсіпкерлік субъектілерін қарыздың негізгі шартының ажырамас бөлігі болып табылатын төмендетілген бөлшек сауда және көтерме бағаларының мөлшері туралы жазбаша хабардар етеді.";

      37 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Кәсіпкерлік субъектісі мамандандырылған ұйымның қарызды қайтару бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мынадай түрде беріледі: кепіл және/немесе банктік кепілдендіру және/немесе сақтандыру шарты және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдік/кепілгерлігі және/немесе корпоративтік кепілдендіру. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жазбаша нысанда рәсімделеді.";

      38 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Мамандандырылған ұйым кәсіпкерлік субъектілеріне белгіленетін мынадай талаптар (өлшемдер) негізінде алдын ала конкурстық іріктеуді кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімі бойынша жүзеге асырады:

      1) Азық-түлік тауарларын тиісінше сақтауға және (немесе) өндіруге, сондай-ақ азық-түлік тауарларының сатып алу және өзге де операцияларын орындауға арналған және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тежеуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қойма құрылыстарынан және арнайы жабдығы бар басқа да үй-жайлардан тұратын меншігінде не жалға алу құқығындағы өндірістік немесе сауда-логистикалық инфрақұрылымның болуы;

      2) өтінімді қарау кезінде банкроттық немесе тарату сатысында;

      3) өтінімді қарау кезінде жосықсыз өнім берушілер тізілімінде болмаса."

      39 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Осы қағидалар аясында жұмыс органы бөлетін, оның ішінде бұдан бұрын азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға бөлінген қаражат қаржыландыру көзі болып табылады.".

      2. Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Календеровке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады