Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы "Тараз қалалық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 8-5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 59-7 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 маусымда № 4649 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы "Тараз қалалық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 8-5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3163 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 қазан Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тараз қалалық мәслихаты
      сессиясының төрағасы Ж. Жексембиев
      Тараз қалалық
      мәслихатының хатшысы Б. Кулекеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады