Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 64-4 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 шілдеде № 4662 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері бекітілсін.

       2. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін көмек беру туралы" Жамбыл облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2017 жылғы 25 қыркүйектегі №17-2 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3536 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 қыркүйектегі "Шұғыла-Радуга" газетінде жарияланған).

      3. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін көмек беру туралы" Жамбыл облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2017 жылғы 25 қыркүйектегі №17-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 26-3 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3848 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 21 маусымда жарияланған).

      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет-ресурстарында жариялауды аудандық мәслихаттың аумақтық әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д. Жузанов
      Аудандық мәслихат
      хатшысы Р. Бегалиев

  Жамбыл аудандық
мәслихатының 2020 жылғы 25
маусымдағы №64-4 шешімімен
бекiтiлген

Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен (бұдан әрі - мамандар) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – "Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

2-тарау. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

      3. Әлеуметтік қолдау мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдердің негізінде мамандардан өтініш талап етпестен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы мамандардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

3-тарау. Әлеуметтік қолдау қөрсету мөлшері

      5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      Ескерту. 5 - тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 16.04.2021 № 4-3 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Көрсетілетін әлеуметтік қолдауды тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      6. Әлеуметтік қолдау төменгі жағдайларда тоқтатылады:

      1) алушы қайтыс болғанда;

      2) алушы Жамбыл ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде.

      Әлеуметтік қолдауды төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      Артық төленген сомалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерікті немесе өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады