Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қаңтардағы № 02 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 қаңтарда № 4492 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 09 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 20.01.2021 № 09 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Т.Рысқұлов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екі пайыз мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына қосымшаға сәйкес квота белгiленсін.

      2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 150 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4205 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2019 жылғы 31 мамырында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Руслан Қонысбайұлы Оразханға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Т.Рысқұлов ауданы әкімі Е. Садыркулов

  Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "___" __________
№ ______ қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квоталары

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота мөлшері

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1.

"Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің" Ақыр-төбе орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

92

2%

1

2.

"Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Алғабас шағын орталықты орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

84

2%

1

3.

"Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Бірлес орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

60

2%

1

4.

"Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

95

2%

1

5.

"Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ю.Гагарин атындағы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

62

2%

1

6.

"Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Т.Аубакиров атындағы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

2%

1

7.

"Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

51

2%

1


Барлығы:

494


7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады