"Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 40/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 04/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 31 қаңтарда № 5696 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" заңдарына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 40/01 "Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2723 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 қырқүйекте № 154-155 (21675-21676) "Индустриальная Караганда", № 167-168 (21802) "Орталық Қазақстан" газеттерінде, 2014 жылғы 8 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

  Қарағанды облысының
әкімі
2020 жылғы 28 қаңтары
№ 04/01
қаулысына қосымша
  Қарағанды облысы әкімдігінің
2014 жылғы 29 шілдедегі
№ 40/01 қаулысымен бекітілді

Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі


Аурудың атауы

Жануарлардың бірнеше түріне ортақ

трипаносомоздар

Ірі қара мал

тейлериоз

Жылқылар

сақау
биелердің сальмонеллезді іш тастауы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады