Сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 18/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 наурызда № 5765 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 27/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 16.04.2021 № 27/01 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" , 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін бірлігіне арналған субсидиялар нормативі бекітілсін.

      2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 23 мамырдағы № 31/01 "Сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5365 болып тіркелген, 2019 жылғы 3 маусымдағы электрондық түрде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, 2019 жылғы 6 маусымдағы № 60 (22464) "Индустриальная Караганда", 2019 жылғы 6 маусымдағы № 60 (22656) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2020 жылғы 26 наурызы
№ 18/03
қаулысына қосымша

Сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін бірлігіне арналған субсидиялар нормативі

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

Соңғы өнімді бастапқыға айналдыру субсидия нормативі теңге/литр, теңге/килограмм

1

2

3

Сүт

Сары май

65,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады