"Тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1308 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 148 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 желтоқсанда № 7887 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2021 жылғы 1 қарашадағы № 396 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 01.11.2021 № 396 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 12590 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорла облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1308 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6641 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Д. Жахановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Г. Абдыкаликова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады