"2020-2022 жылдарға арналған Октябрь ауылдық округінің бюджеті туралы" Арал аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 318 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 432 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 желтоқсанда № 7903 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексінің 109-1 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "2020-2022 жылдарға арналған Октябрь ауылдық округініңбюджеті туралы" Арал аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 318 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7157 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. 2020-2022 жылдарға арналған Октябрь ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

      1)кірістер – 110 239 мың теңге, оның ішінде:

      салықтық түсімдер – 1 703 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер – 0;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;

      трансферттер түсімі – 108 536 мың теңге;

      2)шығындар – 110 998,7 мың теңге;

      3)таза бюджеттік кредиттеу – 0;

      бюджеттік кредиттер – 0;

      бюджеттік кредиттерді өтеу –0;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

      қаржы активтерін сатып алу – 0;

      мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 759,7 мың теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 759,7 мың теңге.".

      Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Арал аудандық мәслихатының кезектен тыс алпыс үшінші сессиясының төрағасы А. Асанбаев
      Арал аудандық мәслихатының хатшысы Д. Мадинов

  Арал аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 9 желтоқсаны № 432
  шешіміне қосымша
  2019 жылғы "26" желтоқсандағы № 318
  Арал аудандық мәслихатының
  шешіміне 1-қосымша

Октябрь ауылдық округінің 2020 жылға арналған бюджеті

Санаты

2020 жыл сомасы
(мың теңге)


Сыныбы



Ішкі сыныбы




Атауы

1

2

3

4

5




1. Кірістер

110 239

1



Салықтық түсімдер

1 703


01


Табыс салығы

32



2

Жеке табыс салығы

32


04


Меншiкке салынатын салықтар

1 671



1

Мүлiкке салынатын салықтар

37



3

Жер салығы

86



4

Көлiк құралдарына салынатын салық

1 548

4



Трансферттердің түсімдері

108 536


02


Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер

108 536



3

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

108 536

Функционалдық топ

2020 жыл сомасы


Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі



Бағдарлама




Атауы




2. Шығындар

110 998,7

01



Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

23 108,7


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

23 108,7



001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

21 808,7



032

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары

1 300

04



Білім беру

51 044


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

51 044



004

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту және мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру

51 044

05



Денсаулық сақтау

51


124


Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты

51



002

Шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізуді ұйымдастыру

51

06



Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

4 315


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

4 315



003

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету

4 315

07



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

5 933


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

5 933



008

Елде мекендердегі көшелерді жарықтандыру

1 457



009

Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету

1 097



011

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

3 379

08



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

23 392


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

23 392



006

Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау

23 392

13



Басқалар

3 155


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

3 155



040

Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру

3 155




3. Таза бюджеттік кредит беру

0




Бюджеттік кредиттер

0

5



Бюджеттік кредиттерді өтеу

0




4. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо

0




Қаржы активтерін сатып алу

0




5. Бюджет тапшылығы (профициті)

- 759,7




6. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

759,7

8



Бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы

759,7


1


Бюджет қаражатының бос қалдықтары

759,7



01

Бюджет қаражатының бос қалдықтары

759,7


2


Есепті кезең соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары

0



01

Есепті кезеңнің соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады