Көшелерге атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 667 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 желтоқсанда № 7955 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4-тармағына және Облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 28 қазандағы № 2 қорытындысына сәйкес, Әйтеке би кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әйтеке би кентінің келесі көшелеріне:

      1) №2 кварталдағы атауы жоқ жаңа көшеге "Бақытғани Сәтбаев" есімі;

      2) Жанқожа батыр 3 километр аумағындағы атауы жоқ жаңа көшеге "Кемал Бегалиев" есімі;

      3) №2 кварталдағы атауы жоқ жаңа көшеге "Айниет Әсербаев" есімі;

      4) №2 кварталдағы атауы жоқ жаңа көшеге "Амангелді Дүйсекеев" есімі;

      5) №2 кварталдағы атауы жоқ жаңа көшеге "Жалпақбай Нұрмағамбетов" есімі;

      6) №2 кварталдағы атауы жоқ жаңа көшеге "Назархан Құлсейтов" есімі берілсін.

      2. Әйтеке би кентінің "Әбубәкір Тыныбаев" тұйық көшесі "Әбдірей Әбішов" есімімен қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би кентінің әкімі К. ОРЫНБАСАРОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады