“Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 22 ақпандағы № 37-3 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 63-2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 қыркүйекте № 7660 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 5-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 14.04.2021 № 5-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26, 50-баптарына және “Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. “Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 22 ақпандағы № 37-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6711 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары:

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      “5-1. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібіне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 20498 нөмірмен тіркелген) сәйкес есептеледі.”.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш аудандық мәслихатының 63-сессиясының төрағасы Е. Абдикадиров
      Жалағаш аудандық мәслихатының хатшысы М. Еспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады