Жаңақорған ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 204 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 шілдеде № 7564 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына және Жаңақорған аудандық прокуратураның 12 мамыр 2020 жылғы № 2-1004-20-00745 наразылығына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңақорған ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Жаңақорған ауданында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн бекіту туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 680 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6576 болып тіркелген, 2019 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2) "Жаңақорған ауданында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн бекіту туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 680 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 12 маусымдағы № 809 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6820 болып тіркелген, 2019 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі С. Макашов
      "Келісілді"
      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрлігі Мемлекеттік кірістер
      комитетінің Қызылорда облысы
      бойынша Мемлекеттік кірістер
      департаментінің Жаңақорған
      ауданы бойынша Мемлекеттік
      кірістер басқармасы" республикалық
      мемлекеттік мекемесімен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады