Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 281 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 қазанда № 4315 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4 тармағына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Транстелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жалпы алаңы 81,1772 гектар (Бейнеу ауданының босалқы жерлері – 47,7332 гектар, Боранқұл ауылы – 8,9527 гектар, Есет ауылы – 5,0794 гектар, Сарға ауылы – 7,3705 гектар, Бейнеу ауылы – 9,8604 гектар, Төлеп ауылы – 2,1810 гектар) жер учаскесіне 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н. Елемесов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Теміровке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Р. Шалбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады