Мұнайлы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 52/494 "Мұнайлы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 50/468 "2020-2022 жылдарға арналған ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 61/538 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда № 4396 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 05-10-908 ақпараттық хатының негізінде, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Мұнайлы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 50/468 "2020-2022 жылдарға арналған ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттері туралы" Мұнайлы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 52/494 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4191 болып тіркелген, 2020 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі 1 тармағына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы ауданының бюджет комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Н. Жолбаев).

      3. "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Г. Себепбаева
      Мұнайлы аудандық мәслихатының хатшысы Б. Назар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады