Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 6 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 желтоқсанда № 9621 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 01-20/1071 ұсынысы негізінде Арқалық қаласының Ашутасты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арқалық қаласының Ашутасты ауылының аумағында орналасқан Тәуелсіздіктің 10 жылдығы, Академиялық, Школный, Ы. Алтынсарин, Интернационалдық, А. Құнанбаев, Олимпийский, Центральный көшелерінде ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ашутасты ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 10 шілдедегі № 1 шешімінің (2020 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9323 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Арқалық қаласының Ашутасты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ашутасты ауылдық округінің әкімі А. Турганов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады