Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 мамырда № 9195 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 01-23/118 ұсынысы негізінде Диев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округінің Қосағал ауылының аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қосағал ауылы әкімінің "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қосағал ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы № 1 шешімінің (2019 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8723 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Диев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Диев ауылдық округінің әкімі М. Досмурзин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады