Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы Жалғысқан ауылы әкімінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 6 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 9686 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қарасу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 01-21/391 ұсынысы негізінде Жалғысқан ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Қарасу ауданы Жалғысқан ауылының аумағында орналасқан Маяк-2 шаруа қожалығының мал фермасы аумағында ірі қара мал бруцеллезі ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Жалғысқан ауылы әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 11 маусымдағы № 2 шешімінің (2020 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9262 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Жалғысқан ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жалғысқан ауылының әкімі В. Лукович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады