Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылы әкімінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 2 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 ақпанда № 8983 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 164 ұсынысы негізінде Ұзынкөл ауданы Сатай ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ұзынкөл ауданының Суворов ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 20 маусымдағы № 2 шешімінің (2019 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8556 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ұзынкөл ауданының Сатай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл ауданы Сатай ауылы әкімі Ю. Новотеева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады