Ақсу қалалық мәслихатының 2019 жылғы 6 қарашадағы "Ақсу қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" № 362/50 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 393/57 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 наурызда № 6739 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қалалық мәслихатының 2019 жылғы 6 қарашадағы "Ақсу қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" № 362/50 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6607 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 21 қарашада жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қалалық мәслихатының сессия төрағасы З. Хайргельдин
      Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы М. Омаргалиев

  Ақсу қалалық мәслихатының
2020 жылғы 24 ақпаны
№ 393/57 шешіміне
қосымша
  Ақсу қалалық мәслихатының
2019 жылғы 6 қарашадағы
№ 362/50 шешіміне
қосымша

Ақсу қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін
мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт
және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен
коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша
әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері

      1. Бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) Ақсу қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі – мамандар) көрсетіледі.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау және төлеу уәкілетті орган - "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

      3. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда жеке (карточкалық) шотының болуын растайтын құжатты қоса бере отырып, мемлекеттік ұйымның бірінші басшысы бекіткен тізім негізінде мамандардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдауды төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы мамандардың дербес (карточкалық) шоттарына аудару жолымен жүргізіледі.

      5. Отбасында екі және одан да көп мамандар тұрған жағдайда әлеуметтік қолдау осы адамдардың әрқайсысына тағайындалады және төленеді.

      6. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады