Карантинді тоқтату және Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 1 қазандағы "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі Ақтоғай ауылының аумағында карантин белгілеу туралы" № 11 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 3 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 желтоқсанда № 7135 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 4 қарашадағы № 2-03/307 ұсынысы негізінде, Ақтоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі Ақтоғай ауылының аумағында жоғары патогенді құс тұмауын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 1 қазандағы "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі Ақтоғай ауылының аумағында карантин белгілеу туралы" № 11 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6970 болып тіркелген, 2020 жылғы 1 қазандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай ауылдық округінің әкімі Б. Абдрахманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады