Карантинді тоқтату және Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі "Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі Баянауыл ауылының аумағында карантин белгілеу туралы" № 1-03/08 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № 1-03/12 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 желтоқсанда № 7083 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2020 жылғы 22 қазандағы № 2-19/236 ұсынысы негізінде, Баянауыл ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі Баянауыл ауылының аумағында жоғары патогенді құс тұмауын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі "Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі Баянауыл ауылының аумағында карантин белгілеу туралы" № 1-03/08 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6969 болып тіркелген, 2020 жылғы 01 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Баянауыл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы А. Сапабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады