Ертіс ауданы Қызылжар ауылдық округі Қызылжар ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ертіс ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 шілдедегі № 1-22-07 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 шілдеде № 6871 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Ертіс ауданы Қызылжар ауылдық округі Қызылжар ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ертіс ауданы Қызылжар ауылдық округі Қызылжар ауылының келесі көшелері:

      "Школьная" көшесі "Бірлік" көшесі;

      "Целинная" көшесі "Береке" көшесі;

      "Комсомольская" көшесі "Ақжүрек" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылжар ауылдық округінің әкімі Е. Абдраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады