Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің Шұбар ат учаскесінің аумағында карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 2 қарашадағы № 1-03/9 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 қарашада № 7019 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 1-03/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 20.01.2021 № 1-03/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Ақсу қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 12 қазандағы № 2-19/607 ұсынысы негізінде, Қызылжар ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің Шұбар ат учаскесінің аумағында ірі қара малдың қарасан ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылжар ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы М. Солтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады