Май ауданы Қазан ауылдық округінде орналасқан "№ 3 Бригада" аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май ауданы Қазан ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 8 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 қазанда № 6974 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май ауданы Қазан ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 3 ақпандағы № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май ауданы Қазан ауылдық округі әкімінің 03.02.2021 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Май ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 05 маусымдағы № 1-14/224 ұсынысы негізінде, Қазан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Май ауданы Қазан ауылдық округінде орналасқан "№ 3 Бригада" аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Май ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Май аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазан ауылдық округінің әкімі С. Ахметов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Май ауданының кәсіпкерлік,
      ауыл шаруашылығы және
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Л. Байкежанова
      2020 жылғы "21" қыркүйек
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы
      министрлігі Ветеринариялық
      бақылау және қадағалау
      комитетінің Май аудандық
      аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Жумабаев
      2020 жылғы "22" қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады