2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 911 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 мамырда № 4649 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау қаласында 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы мен ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары У. Тналиевке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау қаласының әкімі К. Уразбаев

  Атырау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 сәуірі № 911 қаулысына қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Елді мекен атауы

Бір айда бір тәрбиеленушіні жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, (теңге)

ауылдық жердегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін

қалалық жердегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін

түзету топтары үшін

туберкулезбен уланған балаларға арналған топтар үшін


Атырау қаласы

39 908,27

37 247,99

59 506,98

50 945,85

Ата-ана төлемақысының мөлшері

Елді мекен атауы

Ата-ананың бір тәрбиеленушіге күніне ақы төлеу мөлшері, (теңге)

3 жасқа дейін

3-тен 7 жасқа дейін


Атырау қаласы

400

500


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады