"Қызылқоға ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Қызылқоға ауданы әкімінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 33 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 4863 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33, 37 баптарына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, Қызылқоға ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қызылқоға ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Қызылқоға ауданы әкімінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3110 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы:

      1) Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылы, Дина Нұрпейісова көшесі, №22 үй, "Қарабау орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратында орналасқан №153 сайлау учаскесінің шекарасына Қызылқоға ауылдық округіне қарасты Бұхар елді-мекені қосылсын;

      2) №163 сайлау учаскесінің мәтіні жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      Орналасқан орны: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылдық округі, Жантерек ауылы, №38 үй, "Атырау облысы Қызылқоға ауданы жалпы білім беретін №75 бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      Телефон 8/71238/2-85-32

      Шекарасы: Жантерек ауылы.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Ж. Жанқуатовқа жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылқоға ауданының әкімі Н. Бисембиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады