Түркістан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 89 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 10 сәуірде № 5558 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Занының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 94-бабының 2-тармағына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлері осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.Қ.Айтмұхаметовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

      Экологиялық реттеу және бақылау

      комитетінің Түркістан облысы бойынша

      экология департаментінің басшысы

      _____________________И.Түймебаев

      2019 жылғы "_____" ______________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Су ресурстары комитеті

      Су ресурстарын пайдалануды реттеу

      және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария

      бассейндік инспекциясының басшысы

      _____________________Ә.Қарлыханов

      2019 жылғы "_____" ______________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігінің

      Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің

      сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті

      Түркістан облысының тауарлар мен

      көрсетілетін қызметтердің сапасы мен

      қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы

      _____________________Н.Нышанов

      2019 жылғы "_____" ______________

      Қ.Қ. Айтмұхаметов
      М.И. Мырзалиев
      Ә.Е. Тұрғымбеков
      Ұ.Қ. Тәжібаев
      Ж.Е. Аманбаев
      А.А. Абдуллаев
      С.А. Қалқаманов
      А.Б. Тасыбаев

      "Түркістан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы " " № қаулысына

  Түркістан облысы әкімдігінің
2020 жылғы "9" сәуірдегі
қаулысына қосымша

Түркістан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлері

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 08.07.2022 № 143 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


р/с

Су нысанының атауы

Халықтың көпшілік демалатын орны

Елді-мекендер

1

Арыс өзені

Өзен жағасы

Арыс қаласы, Отырар ауданы

2

Көксарай шипажайы

Жаға-жай (пляж) және емдік сауықтыру

Арыс қаласы, Шөгірлі елді мекені

3

Сырдария өзені

Жабайы суға шомылу орны

Арыс қаласы, Шардара, Келес, Отырар аудандары

4

Шардара су қоймасы

"Күміс жағажайы" демалыс аймағы

Шардара су қоймасының жағалауы

5

Шардара су қоймасы

"Алтын жағажай" демалыс аймағы

Шардара су қоймасының жағалауы

6

Шардара су қоймасы

Демалыс аймағы

Шардара су қоймасының жағалауы

7

Қасқасу өзені

"Көктөбе" демалыс орны

Төлеби ауданы, Қасқасу елді мекені

8

Біркөлік тау өзені

"Маяк" демалыс орны

Төлеби ауданы, Біркөлік ауылы

9

Біркөлік тау өзені

"Нұрлы аймақ" демалыс орны

Төлеби ауданы, Біркөлік ауылы

10

Біркөлік тау өзені

"Бастау" демалыс орны

Төлеби ауданы, Біркөлік ауылы

11

Біркөлік тау өзені

"Жақсы көрем" демалыс орны

Төлеби ауданы, Біркөлік ауылы

12

Ақмешіт тау өзені

"Жерұйық" демалыс орны

Төлеби ауданы, Біркөлік ауылы

13

Ақмешіт тау өзені

"Шипа бұлақ" демалыс орны

Төлеби ауданы, Біркөлік ауылы

14

Сайрамсу өзені

"EcoV и IIage" "Kaskasu" демалыс орны

Төлеби ауданы, жоғарғы Қасқасу ауылы

15

Машат өзені

"ДиА" демалыс орны

Түлкібас ауданы, Машат шатқалы

16

Машат өзені

"Ақ шатыр" демалыс орны

Түлкібас ауданы, Машат шатқалы

17

Машат өзені

"Бес-Арыс" демалыс орны

Түлкібас ауданы, Машат шатқалы

18

Машат өзені

"Машат" демалыс орны

Түлкібас ауданы, Машат шатқалы

19

Боралдай өзені

Өзен жағасы

Бәйдібек ауданы

20

Қошқар ата өзені

Өзен жағасы

Бәйдібек ауданы

21

Қосқорған су қоймасы

Су қоймасының жағасы

Кентау қаласы, Қарнақ ауылы, Құсшыата елді мекені

22

Кеңсай-Қосқорған 2 су қоймасы

Су қоймасының жағасы

Сауран ауданы, Ораңғай ауылдық округі, Қосқорған елді мекені

23

Түркістан туристік-рекреациялық орталығындағы жасанды көл (Шаға)

Көл жағасы

Сауран ауданы, Шаға ауылдық округі, Ынтымақ ауылы

24

Түркістан қаласындағы ескек есу каналы

Ескек есу каналының жағасы

Түркістан қаласы

25

"Жетікөл" көлдер жүйесі

Көл жағасы

Отырар ауданы, Қарғалы ауылдық округі, Отырар ауылы

26

Әкімшілік іскерлік орталықтағы қалалық саябақтағы "жасанды көл"

Көл жағасы

Түркістан қаласы

27

Бірінші Президент саябағындағы "Жасанды су қоймасы"

Жасанды су қоймасының жағасы

Түркістан қаласы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады