Қазығұрт ауданының Шанақ ауылы округі, Ақжар елді мекені "Аралбай" мал шаруашылығы фермасының аумағында шектеу іс-шарасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Шанақ ауылы округі әкімінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 2 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 қаңтарда № 5383 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Шанақ ауылы округі әкімінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 10 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Шанақ ауылы округі әкімінің 01.04.2020 № 10 шешiмiмен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 02-05/26 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Тексеруге өткізілген бір бас ірі қара малының бас миының сынамасынан "Құтырық" ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты, Шанақ ауылы округі, Ақжар елді мекені "Аралбай" мал шаруашылығы фермасының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Шанақ ауылы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешім Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округінің әкімі Е. Жорабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады