Шектеу іс-шараларын алып тастау және Шанақ ауылы округі әкімінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 20 "Қазығұрт ауданының Шанақ ауылы округі, Ақжар елді мекеніндегі Е.Омарбеков көшесінің № 02, 04, 22, 30, 42, 68, 72 үйлер аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Шанақ ауылы округі әкімінің 2020 жылғы 20 қарашадағы № 35 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 қарашада № 5898 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасындағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 05 қарашадағы № 02-05/334 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Бір бас ірі қара малдың құтырық ауруының ошақтарын жоюға қатысты барлық ветеринарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Шанақ ауылы округі, Ақжар елді мекеніндегі Е.Омарбеков көшесінің № 02, 04, 22, 30, 42, 68, 72 үйлер аумағында шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Қазығұрт ауданы, Шанақ ауылы округі әкімінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 20 "Қазығұрт ауданының Шанақ ауылы округі, Ақжар елді мекеніндегі Е.Омарбеков көшесінің № 02, 04, 22, 30, 42, 68, 72 үйлер аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5770 болып тіркелген және 2020 жылы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жариланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шанақ ауылы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешім Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округінің әкімі Е. Жорабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады