Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 386 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 4 қыркүйекте № 5774 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 1 ақпандағы № 43 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 01.02.2021 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына және 6 бабының 2 тармағына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жалпыға ортақ пайдалынылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қарашадағы № 498 "Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерiн бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4311 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 29 желтоқсанда "Ордабасы оттары" газетінің № 52 санында және 2018 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ордабасы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Ордабасы ауданы әкімдігі интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Оралбаевқа жүктелсiн.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Турашбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түркістан облысының

      жолаушылар көлігі және автомобиль

      жолдары басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ___________________Р.Ибрагимов

      2020 жыл "___" __________

  Ордабасы ауданы
әкімдігінің 2020 жылғы
3 қыркүйектегі № 386
қаулысына қосымша

Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері


р/с

Автомобиль жолдарының индексі

Автомобиль жолдарының атауы

Автомобиль жолдарының мекенжайы, шақырым

Жалпы ұзындығы, шақырым

1

КХОR-1

М-32 -Амангелді

0-4,2

4,2

2

КХОR-2

Шубар-Тоқсансай

0-5

5

3

КХОR-3

М-32 -Шубарсу

0-7,8

7,8

4

КХОR-4

Р-31 -Ақсары

0-2

2

5

КХОR-5

КХ-15 -Қарабастау

0-3

3

6

КХОR-6

КХ-15 -Бірлік

0-2,8

2,8

7

КХОR-7

КХ-8 -Бейсен

0-1,3

1,3

8

КХОR-8

КХ-15 -Жеңіс

0-1,7

1,7

9

КХОR-9

КХ-63 -Ықыластемір

0-4,5

4,5

10

КХОR-10

Қараспан-Қалаш

0-9,3

9,3

11

КХОR-11

КХ-15 -Дихан

0-9,6

9,6

12

КХОR-12

КХ-8 -Төреарык

0-2,1

2,1

13

КХОR-13

КХ-15 -Елшібек батыр

0-3

3

14

КХОR-14

Қараспан-Ынтымақ

0-2,1

2,1

15

КХОR-15

Қараспан-Жұлдыз

0-1,6

1,6

16

КХОR-16

М-32 -Жайылма

0-0,6

0,6

17

КХОR-17

М-32 -Арыстанды

0-2,5

2,5

18

КХОR-18

М-32 -Нұра

0-2,3

2,3

19

КХОR-19

М-32 -Қызылжар

0-6

6

20

КХОR-20

КХ-15 -Ақбулақ

0-3,5

3,5

21

КХОR-21

КХ-15 -Карақұм

0-2,8

2,8

22

КХОR-22

КХ-15 -1-Мамыр

0-2,1

2,1

23

КХОR-23

Қараспан-Жаңатұрмыс

0-1,7

1,7

24

КХОR-24

Шұбарсу – Шұбарсу-2

0-5,6

5,6

25

KXOR-25

М-32– Қажымұқан

0-2,6

2,6

Ордабасы ауданының аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша барлығы:

89,7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады