Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылының Құрмантаев көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 5 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 28 ақпанда № 5457 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 10 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 29.04.2020 № 10 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашлығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 02-05/40 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Ақбұлақ ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақбұлақ ауылының Құрмантаев көшесі № 112 үйде құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылының Құрмантаев көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі А. Керимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады