Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылының М.Ахмаров көшесіндегі № 270 үй ауласына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 18 маусымдағы № 33 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 маусымда 5658 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 36 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 01.07.2020 № 36 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашлығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушының 2020 жылғы 19 мамырдағы № 02-05/182 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Қарабұлақ ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бруцеллез ауруының ошағы анықталуына байланысты, Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылының М.Ахмаров көшесіндегі № 270 үй ауласына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарабұлақ ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы Б. Шамуратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады