Жоғарғы Ақсу ауылдық округі Мәдени ауылындағы С.Бастықов көшесі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Төлеби ауданының Жоғарғы Ақсу ауылдық округi әкiмiнiң 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 1 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 21 қаңтарда № 5384 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің Жоғарғы Ақсу ауылдық округi әкiмiнiң 2020 жылғы 18 наурыздағы № 5 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің Жоғарғы Ақсу ауылдық округi әкiмiнiң 18.03.2020 № 5 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 "Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10414 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жоғарғы Ақсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жоғарғы Ақсу ауылдық округінің Мәдени ауылындағы С.Бастықов көшесі аумағында құтыру ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Жоғарғы Ақсу ауылдық округі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жоғарғы Ақсу ауылдық
      округінің әкімі А. Сиқымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады