Шектеу іс-шараларын алып тастау және Майлыкент ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 62 "Майлыкент ауылдық округі, Т.Рысқұлов ауылы, У.Досалиев көшесінде және У.Досалиев көшесіндегі № 40/А үйдің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түлкібас ауданы Майлыкент ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 5 тамыздағы № 106 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 тамызда № 5740 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасындағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түлкібас аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 21 шілдедегі № 268 ұсынысы негізінде, Майлыкент ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құтыру ауруының ошақтарын жоюға қатысты барлық ветеринарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Майлыкент ауылдық округі, Т.Рысқұлов ауылы, У.Досалиев көшесінде және У.Досалиев көшесіндегі № 40/А үйдің аумағында шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Түлкібас ауданы, Майлыкент ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 62 "Майлыкент ауылдық округі, Т.Рысқұлов ауылы, У.Досалиев көшесінде және У.Досалиев көшесіндегі № 40/А үйдің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5623 болып тіркелген, 2020 жылы 20 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Түлкібас ауданы әкімдігінің Майлыкент ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Мусралиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады