Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 25 ақпандағы № 54 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 26 ақпанда № 5446 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шардара аудандық құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Шардара су қоймасынан кеме жай тұрағы құрылысы үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан, жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Алынып тасталды - Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 08.07.2022 № 188 қаулысымен (алғашы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Таженовке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Жолдыбай

  Шардара ауданы әкімдігінің
2020 жылғы "25" ақпандағы
№ 54 қаулысына қосымша

Кеме жай тұрағы құрылысы үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер көлемдері

Жер учаскесінің орналасқан жері

Қауымдық сервитуттың әрекет ету көлемі (гектар)

соның ішінде

Ауданның арнайы жер қоры

Су қоры жері

1

2

3

4

5

1

Шардара ауданы аумағы

0,76

0,71

0,5


Барлығы

0,76

0,71

0,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады