Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 27 тұрғын ауданында орналасқан №№ 507, 508, 544 жер учаскелерінің тұстамасындағы Кимастин бұлағының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 4 маусымдағы № 181 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 маусымда № 7151 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 27 тұрғын ауданында орналасқан №№ 507, 508, 544 жер учаскелерінің тұстамасындағы Кимастин бұлағының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 27 тұрғын ауданында орналасқан №№ 507, 508, 544 жер учаскелерінің тұстамасындағы Кимастин бұлағының су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Өскемен қаласының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

      3. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 385 "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 27 тұрғын ауданында орналасқан №№ 507, 508, 544 жер учаскелерінің тұстамасындағы Кимастин бұлағының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6266 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 29 қарашада, 2019 жылғы 23 қарашадағы "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және табиғи ресурстар

      министрлігі Су ресурстары комитетінің

      Су ресурстарын пайдалануды реттеу

      және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік

      инспекциясы басшысының міндетін атқарушы

      ______________ Е. Камбаров

      2020 жылғы "___"_______________

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімінің 2020 жылғы 4 маусымы
№ 181 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 27 тұрғын ауданында орналасқан №№ 507, 508, 544 жер учаскелерінің тұстамасындағы Кимастин бұлағының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

 
Су объектісі, оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені, м

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені, м

1

2

3

4

5

6

7

Жеке тұрғын үй құрылысына арналған №№507, 508, 544, жер учаскелерінің тұстамасындағы Қимастин бұлағының оң жағалауы.

 
0,045

 
1,1293

 
500,0

 
0,049

 
0,0868

 
35,0

      Ескертпе:

      Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады