Риддер қаласында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 20 шілдедегі № 418 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 шілдеде № 7409 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 708 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 16.11.2020 № 708 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Занының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес, Риддер қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 22 маусымдағы № 27 ұсынысының негізінде, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруы анықталуына байланысты, Риддер қаласының Поперечное ауылында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Риддер қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысына тиісті іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Е.С. Нужныхқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Риддер қаласының әкімі Ж. Муратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады