Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Аягөз ауданы Ақшәулі ауылдық округінің "Рәуән Роза" шаруа қожалығының аумағына шектеу ісшараларын белгілеу туралы" Ақшәулі ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Ақшәулі ауылдық округінің әкімінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 қазанда № 7637 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Аягөз аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 244 ұсынысы негізінде, Ақшәулі ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Аягөз ауданы Ақшәулі ауылдық округінің "Рәуән Роза" шаруа қожалығының аумағына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақшәулі ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 1 "Аягөз ауданы Ақшәулі ауылдық округінің "Рәуән Роза" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7193 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 19 маусымда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақшәулі ауылдық округінің әкімі С. Мустафин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады