Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Ай ауылы Ай көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 желтоқсанда № 7991 болып тіркелді. Күші жойылды-Абай облысы Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды-Абай облысы Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімінің 01.09.2022 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Аягөз аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың 2020 жылғы 02 желтоқсандағы № 349 ұсынысы негізінде, Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Мүйізді ірі қара малдардың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Ай ауылы Ай көшесінің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мыңбұлақ ауылдық округі
әкімінің міндетін уақытша атқарушы
Д. Бейсенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады