Бесқарағай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 маусымдағы № 54/13-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 шілдеде № 7240 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46- бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бесқарағай аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Бесқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 2/7-VІ "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4545 нөмірімен тіркелген, "Бесқарағай тынысы" газетінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 44 санында жарияланған) шешімі;

      2) Бесқарағай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 47/11-VІ "Бесқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 2/7-VІ "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6495 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 15 қаңтарда жарияланған) шешімі.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Т. Шабаршова
      Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы К. Садыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады