"Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Канонерка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 қыркүйекте № 7509 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Канонерка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына Канонерка ауылдық округінің Канонерка ауылындағы телефон кәрізін пайдалану үшін көлемі 0,1354 га болатын жер теліміне, телімді алып қоймайтын 10 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін, есептік кварталы 05-240-029.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Канонерка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберілуін;

      3) осы шешімді Бесқарағай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етісн.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Канонерка ауылдық округі әкімі О. Болысбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады