Глубокое ауданының кейбір елді мекендерінің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 50/10-VI бірлескен шешімі және Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 317 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 қазанда № 7627 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Глубокое аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Ертіс ауылдық округі, Прапорщиково ауылы елді мекенінің шекараларын (шегін) белгілеу жөніндегі қала құрылысының жобасына сәйкес, Ертіс ауылдық округі Прапорщиково ауылы шекараларының (шегінің) ауданын 21 гектарға азайту жолымен жаңа шекараларын жалпы ауданы 735 гектар етіп белгілеп, өзгертілсін.

      2. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Ушаново ауылдық округі, Ушаново ауылы елді мекенінің шекараларын (шегін) белгілеу жөніндегі қала құрылысы жобасына сәйкес, Ушаново ауылдық округі Ушаново ауылы шекараларының (шегінің) ауданын 31 гектарға ұлғайту жолымен жаңа шекараларын жалпы ауданы 654 гектар етіп белгілеп, өзгертілсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы__________В. Бородина

Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы
____________А. Баймульдинов

Глубокое ауданының әкімі
_____________Т. Рахимжанова


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады