Жарма ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 170 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 маусымдағы № 272 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 шілдеде № 7249 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексiнiң 18 - бабының 2) тармақшасына, 139 бабының 9 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 – бабының 1, 2 тармақтарына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарма ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 170 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6037, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылдың 1 шілдесінде жарияланған) қаулысына төмендегі өзгерістер енгізілсін:

      осы қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";

      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жарма ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулыны Жарма ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Нургожин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Сессия төрағасы К. Догалбаев

      "____" ___________ 2020 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жарма аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Сахметжанова

      "____" ___________ 2020 жыл

  Жарма ауданының әкімдігінің
2020 жылғы 30 маусымдағы
№ 272 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Әлеуметтік қамсыздандыру: әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, ассистент, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы), еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, музыкалық жетекші, инженер-программист (негізгі қызмет), әдіскер, мұғалім, психолог, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, мейіргер, диеталық мейіргер, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, логопед.

      Білім беру: мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дифектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы, тәрбиелеуші, әдіскер негізгі қызметтердің, дене шынықтыру бойынша нұсқаушы (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, қосымша білім беретін педагог, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі, зертханашы, мейірбике (мейіргер), емдәмдік мейірбике.

      Мәдениет: барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әртістер, кітапханашы, дирижер, музыкалық жетекші, хореограф, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер).

      Спорт: әдіскер, жаттықтырушы, (мамандандырылған) медициналық бике/аға.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады