Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 61-6 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қыркүйекте № 7598 болып тіркелді

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 17.11.2022 № 25-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 17.11.2022 № 25-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Алынып тасталды-Шығыс Қазақстан облыстық Зайсан аудандық мәслихатының 17.11.2022 № 25-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Алынып тасталды-Шығыс Қазақстан облыстық Зайсан аудандық мәслихатының 17.11.2022 № 25-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Алынып тасталды-Шығыс Қазақстан облыстық Зайсан аудандық мәслихатының 17.11.2022 № 25-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Сайранов
      Аудандық маслихаттың хатшысы Д. Ыдырышев

  2020 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 61-6 шешіміне
қосымша

Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшері

      Ескерту. Шешім қосымшамен толықтырылды-Шығыс Қазақстан облыстық Зайсан аудандық мәслихатының 17.11.2022 № 25-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы қағида "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган - "Зайсан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

      3. Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде, "Қазпошта" акционерлік қоғамы бөлімшелері арқылы әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау Зайсан ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 11,0911 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады