Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 743 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 8129 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, сәйкес, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

      2. Зайсан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қаңтардағы "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" №33 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2019 жылғы 31 қаңтарда 5-11-191 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 06 ақпанда электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Зайсан ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Зайсан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялануын қамтамасыз ету;

      3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Нуртазинге жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Зайсан ауданының әкімі С. Зайнулдин

      "КЕЛІСІЛДІ"
Зайсан аудандық
мәслихатының хатшысы
Д. Ыдырышев

  Зайсан ауданының әкімдігінің
2020 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 743 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары: үйден әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшенің меңгерушісі, арнайы әлеуметтік қызметтегі қажеттілігін анықтау және бағалау жөніндегі сарапшы маман, әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, ассистент.

      2. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары: коммуналдық қазыналық кәсіпорын директоры, клуб меңгерушісі, әртіс, мәдени жұмыстарды ұйымдастырушы, аккомпаниатор, кітапханашы.

      3. Спорт саласындағы мамандарының лауазымдары: коммуналдық қазыналық кәсіпорын директоры, нұсқаушы, жаттықтырушы, медициналық медбике, педагог-психолог, тәрбиеші, тәлімгер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады