Алтай ауданының Серебрянск қаласында АТС-21, АТС-31 телефон кәрізін орналастыру және пайдалану үшін жер телімдеріне шектеулі пайдалану (қауымдық сервитут) құқығын белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Серебрянск қаласының әкімінің 2020 жылғы 29 қазандағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 қарашада № 7753 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Серебрянск қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына Серебрянск қаласында орналасқан АТС-21, АТС-31 телефон кәріздерін орналастыру және пайдалану үшін жалпы ауданы 0,9212 га жер телімдерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоюсыз 2030 жылдың 31 желтоқсанына дейін 10 (он) жыл мерзімге жер телімдерін шектеулі мақсатта пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы белгіленсін.

      2. "Алтай ауданының Серебрянск қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. "Алтай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Қазақтелеком" акционерлік қоғамымен шарт жасасын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Серебрянск қаласының әкімі С. Гордиенко

  Серебрянск қаласы әкімінің
2020 жылғы 29 қазаны № 1
шешіміне қосымша

  № 

Жер телімінің орналасқан жері

Жер телімінің ауданы, га

1

2

3

1

Тимофеев көшесіндегі № 88/1 үйден Гоголь көшесіне дейін; Гоголь, Некрасов, Ушанов, Комсомольская, Коммунальная, Серебрянск, Ленин, Тохтаров, Пушкин, Мир, Веденеев көшелері бойынша

0,7570

2

Шоссейная көшесіндегі № 5 үйден, Привокзальная, Гаражная көшелері бойынша

0,0957

3

Серебрянск көшесіндегі № 154 үйден №1 мектеп жағына

0,0685


Барлығы:

0,9212


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады