Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округінің Толағай ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Көкпекті ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 қазанда № 7670 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының 16 қыркүйек 2020 жылғы № 01-22/321 ұсынысы негізінде Көкпекті ауылдық округінің әкімі, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округінің Толағай ауылында мүйізді ірі қара малдың бруцеллез ошақтарын жою жөніндегі жүргізілген ветеринариялық кешенді іс-шараларына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. "Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округінің Толағай ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Көкпекті ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7235 тіркелген, 2020 жылғы 1 шілде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданының "Көкпекті ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің аудан аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы шешімнің ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім м.а. С. Байсенгиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады