Көкпекті ауданы Құлынжон ауылдық округінің Құлынжон, Көкжыра ауылдарының көшелерінің атауын өзерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Құлынжон ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 мамырда № 7114 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 14 бабының 4) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы қорытындысының негізінде, Құлынжон, Көкжыра ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, Құлынжон ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көкпекті ауданының Құлынжон ауылының көшелерінің атаулары:

      1) Советская көшесі Бауыржан Момышұлы көшесі;

      2) Мир көшесі Шәкәрім көшесі болып өзгертілсін.

      2. Көкпекті ауданының Көкжыра ауылының көшелерінің атаулары:

      1) Ленин көшесі Мұхтар Әуезов көшесі;

      2) Школьная көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесі болып өзгертілсін.

      3. "Көкпекті ауданының Құлынжон ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді:

      1) осы шешімді Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

      4. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі С. Демесинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады