Тарбағатай ауданының Жаңаауыл ауылдық округі, Жаңаауыл ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімінің 2020 жылғы 3 тамыздағы № 4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 тамызда № 7430 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 7 шешімімен

      Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімінің 24.12.2020 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1- тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" № 188-V Заңының 1 бабы 62 тармақшасы және 48 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сынаптамасын белгілеу туралы" қаулысына және Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2020 жылғы 20 шілдедегі № 11 хаттамасы негізінде, Тарбағатай ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылдық округі, Жаңаауыл ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Аққазинге жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім С. Садвакасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады